ИМ Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысын тағайындады

Фотография - ИМ Ауғанстан мен Пәкістандағы басшысын тағайындады

Радикалды "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы Талибанның Пәкістандағы бұрынғы командирі Хафиз Саид Ханды өзінің Пәкістан мен Ауғанстандағы басшысы етіп тағайындады.

506 0

Радикалды "Ислам мемлекеті" (ИМ) ұйымы Талибанның Пәкістандағы бұрынғы командирі Хафиз Саид Ханды өзінің Пәкістан мен Ауғанстандағы басшысы етіп тағайындады. Бұл жайында ИМ ресми өкілі Абу Мухаммад әл-Аднани Twitter-де жариялаған аудио жазбасында мәлімдеді.

40 жастағы Хафиз Саид Хан бір кездері Пәкістандағы бірнеше содырлар тобын біріктіретін "Техрик-е Талибан Пәкістан" ұйымының ресми өкілі болған.

Бұдан бірнеше апта бұрын Пәкістандағы Талибанның бірнеше басшысы "Ислам мемлекеті" ұйымының басшысы Абу Бакр әл-Бағдадиге адал екендігін мәлімдеп, ант берген. Бұған дейін Ауғанстандағы Талибанның бұрынғы жетекшісі Мулла Рауф Гильменд уәлаятында ИМ қатарына адам тартумен айналысып жүр деген ақпарат та тараған.

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?