661

Лотереядағы ұтысы үшін жеті жыл соттасқан канадалық азамат жеңіліп қалды

Лотереяда 21 млн долларды құраған джекпоттың жартысын ұтқан Канада азаматы жеті жылға созылған сот процесінде жеңіліп қалды.
Фотография - Лотереядағы ұтысы үшін жеті жыл соттасқан канадалық азамат жеңіліп қалды

Лотереяда 21 млн долларды құраған джекпоттың жартысын ұтқан Канада азаматы жеті жылға созылған сот процесінде жеңіліп қалды, деп жазады ВВС. 

Оның пайдасына шешілмеген сот қаулысында арызданушы билетті ойын өтіп кеткеннен кейін сатып алғаны көрсетілген.

Джоэл Иферган екі лотерея билетін сатып алған, алайда анықталғандай, ұтыс билеті ресми көрсетілімнен соң жеті секундтан кейін алынған. Кейбір мәліметтер бойынша, ол сотқа шағымданып жүріп, осы істі қарауға шамамен 100 мың доллар жұмсаған.

Жеңілгеніне қарамастан, ол лотерея ойнауды тоқтатпайтынын, өйткені оның тағы бір рет ұтуы мүмкін екенін айтады.

ҚазАқпарат

Загрузка...