Сауд Арабиясының королі ел басшылығындағы өзгерістер туралы жариялады

Фотография - Сауд Арабиясының королі ел басшылығындағы өзгерістер туралы жариялады

Сауд Арабиясының жаңа королі Салман ибн Әбдел Әзиз ел басшылығында айтарлықтай өзгерістер жасады, деп хабарлады жұма күні Сауд телеарнасы.

422 0

Сауд Арабиясының жаңа королі Салман ибн Әбдел Әзиз ел басшылығында айтарлықтай өзгерістер жасады, деп хабарлады жұма күні Сауд телеарнасы.

Корольдің декретімен ханзада Халед ибн Бандар ибн Әбдел Әзиз елдің барлау қызметінің басшысы лауазымынан босатылды. Бұдан басқа, ханзада Бандар ибн Сұлтан Сауд Арабиясының Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің бас хатшысы қызметінен босатылды.

Сауд Арабиясы бұрынғы королінің екі ұлы да қызметтерінен босатылған - ханзада Машааль Мекке провинциясының губернаторы, ал ханзада Турки ел астанасы - Эр-Рияд қаласының әкімі болып жұмыс істеген еді. Абдалланың тағы бір баласы - ханзада Митеб Ұлттық гвардия министрі қызметінен кетті.

Салман ибн Әбдел Әзиздің король болғанына бір апта болды - ол бұл қызметке бұрынғы король Абдалла көз жұмғаннан кейін келді. 

ҚазАқпарат

 


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?