499

Ата-аналары құлдыққа сатқан жүздеген бала Үндістандағы фабрикадан босатылды

Үндістанның оңтүстігіндегі Хайдарбад қаласындағы жасырын фабрикаларда құлдықта жүрген 400-ге жуық бала полицейлер жүргізген рейд барысында босатылды.
Фотография - Ата-аналары құлдыққа сатқан жүздеген бала Үндістандағы фабрикадан босатылды

Үндістанның оңтүстігіндегі Хайдарбад қаласындағы жасырын фабрикаларда құлдықта жүрген 400-ге жуық бала полицейлер жүргізген рейд барысында босатылды. 

 Сонымен қатар балалардың саудасымен айналысқан 30-дан астам адам қолға түсті, деп хабарлады Утро.ру

Рейд нәтижесінде ата-аналары 5000 - 10 000 рупийге ($80-160) сатқан балалар табылды.

Бұлар тар әрі лас жерлерде күніне кідіріссіз 16 сағаттан жұмыс істеуге мәжбүр болған.  Олардың барлығы дерлік тері ауруларына шалдыққан және азып-тозып кеткен. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...