Вашингтонда экологиялық таза көліктердің көрмесі өтіп жатыр

Фотография - Вашингтонда экологиялық таза көліктердің көрмесі өтіп жатыр

АҚШ астанасында жыл сайын көлік көрмесін өткізу жақсы дәстүрге айналған. Әйгілі Детройт пен Нью-Йорк көрмелерінен кем түспейтін алаңнан Toyota, Lexus, Mercedez, Volkswagen және тағы басқа брендтердің кез келген өнімін табуға болады.

496 0

Мұнда әлемдік 42 компанияның жиыны 700-ге жуық көлігі жайғасқан.

Көрмедегі биылғы жаңалық, экологиялық таза, жасыл технология өнімдерін жарнамалауға ойысқан. Мысалы, BMW авто көлігінің 8 үлгісіндегі  моделі сол санаттағылардың қатарында. Көлік сауыты көмірталшықтарынан жасалған. Нәтижесінде салмақ азайып, жанармай шығыны кеміген. Құны 140 мың АҚШ долларын алқымдайды. Сала мамандары бүгінде халық талғамы экологиялық таза көлік түрлеріне қарай ауып бара жатқанын айтады. Бірақ ондай өнімдердің өзіндік құны да әзірге арзан болмасы анық. Автошоу апта соңына дейін жалғасады.

 khabar.kz.  сайтынан

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?