"Айдар" батальоны Киевте наразылық танытты

Фотография - "Айдар" батальоны Киевте наразылық танытты

Батальон өкілдері көліктердің жолын бөгеп, кейбірі министрлік алдында көлік шиналарын өртеді.

451 0

Шығыс Украинада ресейшіл сепаратистерге қарсы үкімет әскері жағында соғысып жатқан "Айдар" еріктілер батальоны Киевте үкіметтің бұл қарулы құрылымды тарату туралы шешіміне наразылық танытты. Камуфляж киген шамамен 300-дей адам Шығыс Украинадағы қақтығыстарда қаза тапқандарды аза тұту шарасынан соң қорғаныс министрлігіне жиналды.

Батальон өкілдері көліктердің жолын бөгеп, кейбірі министрлік алдында көлік шиналарын өртеді.

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі батальон таратылады деген ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік батальондағы "ұйымдастырушылық өзгерістердің батальон мүшелеріне қатысы болмайтынын" айтады.

Украина билігі елдің шығысындағы сепаратистерге қарсы ұрыстарға араласып жүрген ерікті әскери құрылымдарға бақылауды күшейтпек ниетте. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары ол құрылымдардың кейбірін Шығыс Украинада қылмыстар жасады, азаптау мен кісі өліміне қатысы бар деп айыптайды.

 

 

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?