Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы мәжбүрлі еңбекті тексеруден бас тартты

Фотография - Дүниежүзілік банк Өзбекстандағы мәжбүрлі еңбекті тексеруден бас тартты

Дүниежүзілік банктен бала еңбегін пайдалану мен мәжбүрлі түрде еңбекке тарту мәселесін тергеуді талап еткен құқық қорғаушылар банктің бас тарту шешімін қатаң айыптады.

547 0

Дүниежүзілік банк (ДБ) Өзбекстанға ауыл шаруашылық мұқтаждығын өтеу үшін берілген займдар мақта алқаптарында балалар еңбегін қанау мен мәжбүрлі түрде еңбекке тарту проблемасын асқындырып жіберу ықтималдығын тексеруден бас тартты. Ұйымның мәлімдеуінше, бұндай шешімге Ташкенттің аталған проблемаларды жоюда "біршама жетістікке" жеткені де әсер еткен.

Дүниежүзілік банктен бала еңбегін пайдалану мен мәжбүрлі түрде еңбекке тарту мәселесін тергеуді талап еткен құқық қорғаушылар банктің бас тарту шешімін қатаң айыптады.

Адам құқықтары жөніндегі Өзбек-неміс форумының директоры Умида Ниязова банктің бас тартуын "естен тандырарлық" деп атады. Оның айтуынша, "банк Өзбекстандағы мәжбүрлі еңбектің миллиондаған құрбандарының тағдыры мен займның арасында байланыс барын мойындағанына қарамастан, тергеу жүргізу қажет емес деп тапқан".

Құқық қорғау ұйымдары бұған дейін өзбек билігін мемлекеттік қызметкерлерді, мұғалімдерді, тіпті балаларды мақта теру науқанына мәжбүрлеп қатыстырады деп бірнеше рет сынаған.

 

 

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?