463

Ниццада еврей орталығы қасында полицияға шабуыл жасалды

Франция полициясы елдің оңтүстігіндегі Ницца қаласында еврей орталығы маңында ақпанның 3-і күні пышақпен қаруланған бір адам шабуыл жасап, патрульде жүрген екі сарбаздың зардап шеккенін хабарлады
Фотография - Ниццада еврей орталығы қасында полицияға шабуыл жасалды

Франция полициясы елдің оңтүстігіндегі Ницца қаласында еврей орталығы маңында ақпанның 3-і күні пышақпен қаруланған бір адам шабуыл жасап, патрульде жүрген екі сарбаздың зардап шеккенін хабарлады.

Полицейлердің бірі қолынан, екіншісі - бетінен жараланған. Шабуыл жасаған адам ұсталып, Парижде оны прокурорлар тергеп жатқаны хабарланды.

Қаңтардың 7-і мен 9-ы аралығында Париж бен оның маңында радикалды исламшыл содырлар шабуылынан 17 адам қаза тапқан соң еврей орталығы маңына әскер қойылып, қауіпсіздік шаралары күшейтілген.

Франция президенті Франсуа Олланд өткен жылдан бері елде еврейлерге қарсы әрекеттер екі есеге көбейгенін айтып, қаңтардағы шабуылдан соң антисемитизммен күресті күшейтуге уәде еткен.

 

azattyq.org

Загрузка...