Обаманың екі кеңесшісі отставкаға кету туралы өтініш берді

Фотография - Обаманың екі кеңесшісі отставкаға кету туралы өтініш берді

Ақ үйдің коммуникациялар бойынша директоры Дженнифер Палмьери отставкаға өтініш берді, ол 2015 жылдың көктемінде өз қызметінен кетпек.

581 0

Ақ үйдің коммуникациялар бойынша директоры Дженнифер Палмьери отставкаға өтініш берді, ол 2015 жылдың көктемінде өз қызметінен кетпек.

Бұған дейін қызметінен босату туралы Барак Обаманың аға көмекшісі Дэн Пфайффер мәлімдеген болатын, деп жазады РБК.

Кадрлық өзгерістер Ақ үй қызметкерлерінің арасында 2014 жылы үлкен «сілкініске» айналды. Оған Конгреске аралық сайлау кезінде екі палатада да көп дауыс жинаған Республикалық партияның жеңісі себеп болған.

Пфайфферге келетін болсақ, ол Обамамен алғашқы президенттік науқан кезінен бастап жұмыс істеген.

«Дэн 2007 жылы өткен бірінші науқан күндерінен бастап менің жанымда болды. Ол білімді, қажымайтын, өз ісіне адал азамат еді», - деді осы мәселеге орай берген түсініктемесінде Америка президенті. 

 

 

 

ҚазАқпарат


Тегтер:

Обама

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?