Муссауи: 11 қыркүйек шабуылына Сауд Арабиясының қатысы бар

Фотография - Муссауи: 11 қыркүйек шабуылына Сауд Арабиясының қатысы бар

2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіде ұшақтардың бірін айдап әкетті деп сотталған Закариус Муссауи террорлық шабуылды ұйымдастырған "әл-Қаида" ұйымын Сауд Арабиясы королінің әулеті тікелей қолдап отырғанын мәлімдеді

467 0

2001 жылғы 11 қыркүйектегі терактіде ұшақтардың бірін айдап әкетті деп сотталған Закариус Муссауи террорлық шабуылды ұйымдастырған "әл-Қаида" ұйымын Сауд Арабиясы королінің әулеті тікелей қолдап отырғанын мәлімдеді. Муссауидың мәлімдемесін теракт құрбандарының адвокаттары Манхэттен федералдық сотына жіберді. Адвокаттар Сауд Арабиясын "әл-Қаидаға" болысты деп айыптайды.

Сауд Арабиясының Вашингтондағы елшілігі айыптауға қатысты жасаған мәлімдемесінде Муссауидің айтқанын "психологиялық күйзелісіне ұшыраған қылмыскердің сөзі және ешқандай дәлелі жоқ" деді.

Сауд Арабиясы билігі тергеу нәтижесінде "үкіметтің я шенеуніктердің терактіге қатысы бары" анықталмады дейді.

46 жастағы Муссауи - Франция азаматы. Ол 2005 жылы өзіне тағылған терроризм айыбын мойындап, өмір бойы бас бостандығынан айырылған. Муссауи жазасын АҚШ-тың Колорадо штатында ерекші күзетілетін түрмеде өтеп жатыр.

 

 

 

azattyq.org



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?