457

Таяу Шығыс елдері иордан ұшқышы өлтірілуін айыптады

Таяу Шығыс елдері радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы таратқан тұтқындағы Иордания ұшқышы Муаз әл-Касасбехті тірідей өртегені туралы видеоны қатаң айыптады. Видео жарияланғаннан бірнеше сағат өткен соң Иордания билігі әл-Касасбехтің өліміне жауап ретінде өлім жазасына кесілген ирактық екі содырды дарға асқан.
Фотография - Таяу Шығыс елдері иордан ұшқышы өлтірілуін айыптады

Таяу Шығыс елдері радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы таратқан тұтқындағы Иордания ұшқышы Муаз әл-Касасбехті тірідей өртегені туралы видеоны қатаң айыптады. Видео жарияланғаннан бірнеше сағат өткен соң Иордания билігі әл-Касасбехтің өліміне жауап ретінде өлім жазасына кесілген ирактық екі содырды дарға асқан.

Египеттегі сүнниттердің басты оқу ордасы саналатын Әл-Азхар университетінің басшысы Ахмед әл-Таиб "Ислам мемлекеті" ұйымының содырларын "айқыш ағашқа керіп өлтіріп, аяқ-қолын шауып тастауға" шақырды. Таяу Шығыс елдерінде көбінесе өлім жазасы орындалғандардың денесі көпшілік алдына шығарылады. 

Ислам ынтымақтастығы ұйымының басшысы Ияд Мадани ұшқыштың өлімі "ислам заңдары бойынша тұтқынға түскендердің құқығын бұзу болып саналады" деп мәлімдеді.

Парсы шығанағы елдері мен Иран билігі де ұшқыштың өлімін "адамшылыққа және мұсылманшылыққа жат" деп айыптады.

 

 

 

azattyq.org

Загрузка...