Тайваньда апаттан қаза тапқандар 30-дан асты

Фотография - Тайваньда апаттан қаза тапқандар 30-дан асты

Тайваньдағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 31-ге жетті. Жергілікті билік 15 адамның құтқарылғанын хабарлады. 12 адам әлі табылған жоқ.

521 0

Тайваньдағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 31-ге жетті. Жергілікті билік 15 адамның құтқарылғанын хабарлады. 12 адам әлі табылған жоқ.

4 ақпанда Тайвань астанасы Тайпейде "TransAsia" компаниясының әуежайдан ұшып шыққан ATR-72 ұшағы өзенге құлаған. Ұшақ бортында 58 жолаушы болған.

Болжам бойынша, Тайпейден Цзиньмэнь аралына ұшып шыққан екі моторлы турбовинтті ұшақ көпір тіреуін соғып өтіп, өзенге құлаған. 

2014 жылы осы компанияның тағы бір ұшағы қонар сәтте қаладағы үйлерге соғылып, апатқа ұшыраған. Ол оқиғадан 49 адам мерт болған еді.

azattyq.org


Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?