506

Үндістанда шатқалға құлаған жолаушылар автобусы бір шаруаны басып қалды

Бүгін таңертең Үндістанның солтүстігіндегі Джамму және Кашмир штатының тауларында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.
Фотография - Үндістанда шатқалға құлаған жолаушылар автобусы бір шаруаны басып қалды

Бүгін таңертең Үндістанның солтүстігіндегі Джамму және Кашмир штатының тауларында жолаушылар автобусы апатқа ұшырады.

Жергілікті полицияның алдын ала мәліметтерінше, таудағы күре жолдың күрделі учаскелерінің бірінде жүргізуші автобусты басқара алмай, соның салдарынан ішінде қырық жолаушысы бар автобус 10 метр биіктіктен шатқалға құлады, деп хабарлайды ТАСС.

Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты. Полицияның мәліметтері бойынша, таудың жиегінде жұмыс істеп жатқан жергілікті шаруа құлаған автобустың құрбаны болды. Бұл ретте жолаушылар арасында қаза тапқандар жоқ: 43 адамның барлығы жарақаттар алып, ауруханаға жеткізілген. 

 

ҚазАқпарат

Загрузка...