436

Оңтүстік-Шығыс Азия бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі мүмкін

Индонезия Малайзияның Оңтүстік-Шығыс Азияда бірыңғай уақыт белдеуін құру бастамасын қолдап отыр, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы Куала-Лумпурда малайзиялық премьер-министр Наджиб Разак пен индонезиялық президент Джоко Видодо арасында өткен келіссөз қорытындысы бойынша мәлімделді.
Фотография - Оңтүстік-Шығыс Азия бірыңғай уақыт белдеуіне көшуі мүмкін

Индонезия Малайзияның Оңтүстік-Шығыс Азияда бірыңғай уақыт белдеуін құру бастамасын қолдап отыр, деп хабарлайды ТАСС. Бұл туралы Куала-Лумпурда малайзиялық премьер-министр Наджиб Разак пен индонезиялық президент Джоко Видодо арасында өткен келіссөз қорытындысы бойынша мәлімделді.

 «Мемлекет басшылары Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығы (ОШАМҚ) арасында Малайзияның бастамасына қолдау көрсетуге келісті», - деп көрсетілген баспаға арналған хабарламада.

Куала-Лумпур бұған дейін аймақта экономикалық ықпалдастықты әлдеқайда нығайту үшін бірыңғай уақыт белдеуі қажет деген бастама көтерген болатын. ОШАМҚ мүшелері түрлі уақыттық белдеулерде орналасқан, бұл өз алдына бірқатар маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастық орнатуға кедергісін тигізіп отыр. Мысалға, Мьянма мен Индонезияның шығыс бөлігі арасындағы уақыт айырмашылығы 2 сағат 30 минутты құрайды. Малайзия аталмыш ұйымның ағымдағы жылғы төрағасы ретінде осы бастаманы іске асыруға ниетті.  

 

 

 

bnews.kz сайтынан

 

 

Загрузка...