Саддам Хусейнді өлтіру құралы жеті миллион доллардан қымбатқа сатылмақ

Фотография - Саддам Хусейнді өлтіру құралы жеті миллион доллардан қымбатқа сатылмақ

Ирак диктаторы Саддам Хусейнді дарға асқан арқан жеті миллион долларға сатылуы мүмкін. Осы жәдігерлікке ұсынылған баға қазіргі кезде осынша соманы құрап отыр.

632 0

Ирак диктаторы Саддам Хусейнді дарға асқан арқан жеті миллион долларға сатылуы мүмкін. Осы жәдігерлікке ұсынылған баға қазіргі кезде осынша соманы құрап отыр, деп хабарлады lenta.ru The Daily Mail-ге сілтеме жасап.

Қазір ол Ирактың ұлттық қауіпсіздік бойынша бұрынғы кеңесшісі доктор Муваффак әл-Рубайидің иелігінде (нақ сол Хусейнді өлтіруге алып барған болатын). Басылымның ақпараты бойынша, коллекционерлер одан өлтіру құралын сатып алу үшін нағыз «бәс тігу соғысын» ашты. Саудаға екі кувейт кәсіпкері, Израильдағы ауқатты отбасы және ирандық діни ұйым қатысуда. Оған деген қызығушылық артып отырған сәтті ескере отырып, әл-Рубайи одан да тиімді ұсыныстардан үмітті.

Саддам Хусейн режимі 2003 жылғы сәуірде американдықтардың басып кіруі нәтижесінде құлатылды, ал диктатордың өзі сол жылдың желтоқсанына дейін із жасырды. 2006 жылы ол адамзатқа қарсы қылмыстарға айыпты деп танылып, дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді. Үкім 2006 жылдың 30 желтоқсанында орындалды. 

ҚазАқпарат

 



Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?