Меркель Вашингтонда Обамамен кездеседі

Фотография - Меркель Вашингтонда Обамамен кездеседі

Германия канцлері Ангела Меркель Вашингтонға барды. Бүгін ол АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, Украинадағы дағдарыс жайын талқылайды.

487 0

Германия канцлері Ангела Меркель Вашингтонға барды. Бүгін ол АҚШ президенті Барак Обамамен кездесіп, Украинадағы дағдарыс жайын талқылайды.

Меркельдің АҚШ-қа сапары неміс үкіметі Германия, Франция, Украина және Ресей президенттері ақпанның 11-і күні Минскіде Украина дағдарысына қатысты саммит өткізеді деп хабарланған соң белгілі болды.

Меркельдің баспасөз хатшысы Штеффен Зайберт кеше Ангела Меркель, Франция президенті Франсуа Олланд, Украина президенті Петр Порошенко және Ресей президенті Владимир Путин өзара телефонмен сөйлесіп, Минскіде "норманд форматындағы" кездесу өткізуге келіскенін хабарлаған.

Меркель Вашингтонда АҚШ-тағы кейбір саясаткерлердің Украинаға ресейшіл сепаратистермен соғысу үшін қару-жарақ жеткізу керек деген ұсыныстарына Германияның қарсы екенін білдіреді деген болжам бар.

Меркель Мюнхендегі қауіпсіздік жиынында "Мен бұл қақтығыс әскери жолмен шешілмейтініне сенімдімін" деген.

azattyq.org


Тегтер:

Обама Меркель

Загрузка...

Пікір (0)

  • Кіру
  • Тіркелу
  • Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?