786

Британиялық Брэдли Уиггинс әлемдік рекорд орнатты

Танымал велошабандоз Брэдли Уиггинс 1 сағат ішінде 54,5 шақырым жерді жүріп өтті. Осы арқылы ол өзінің отандасы Алекс Даусеттың бұған дейінгі рекордын жаңартты.
Фотография - Британиялық Брэдли Уиггинс әлемдік рекорд орнатты

Танымал велошабандоз Брэдли Уиггинс 1 сағат ішінде 54,5 шақырым жерді жүріп өтті. Осы арқылы ол өзінің отандасы Алекс Даусеттың бұған дейінгі рекордын жаңартты. 

Ал Даусеттің көрсеткіші сағатына 53 шақырым болған. Францияда өткен «Тур де Франс» веложарысының жеңімпазы Брэдли Уиггинс әлемдік рекордты Лондондағы велодромда орнатқан, деп хабарлайды  24.kz epochtimes.ru. сайтына сілтеме жасап.  

Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылғы маусымда Брэдли Уиггинс «Тур де Франс» сайысында мәреге бірінші болып жетіп, осы айтулы жарыста жеңген алғашқы британиялық атанды.   

Загрузка...