804

Бразилияда 2016 жылғы Олимпиада ойындары алауының дизайны көрсетілді

Бразилия Президенті Дилма Руссефф 2016 жылғы Олимпиада ойындарына арналған алаудың дизайнын көрсетті.
Фотография - Бразилияда 2016 жылғы Олимпиада ойындары алауының дизайны көрсетілді

Бразилия Президенті Дилма Руссефф 2016 жылғы Олимпиада ойындарына арналған алаудың дизайнын көрсетті.

Бразилия көшбасшысының айтуына қарағанда, алауды 300 бразилиялық қала арқылы өткізу мәртебесі 12 мың адамға бұйырады.

Алау төртке бөлінген. Оның әрбірі күннің, қыраттардың жасыл белесінің, теңіз бен жердің символы, делінген Рио-де-Жанейродағы Ойындарды ұйымдастыру комитетінің ресми сайтында.  

Алау жеткізілетін соңғы пункт Риодағы  Маракана стадионы болмақ. Мұнда 2016 жылғы 5 тамызда ойындардың ашылу салтанаты өтеді.  

 

Загрузка...