ҚР ҰҚК Бішкекте қаза тапқан екі қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді

Фотография - ҚР ҰҚК Бішкекте қаза тапқан  екі қазақстандыққа қатысты түсініктеме берді

ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығында Бішкекте арнайы операция кезінде екі қазақстандықтың көзі жойылғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

402 0

ҚР ҰҚК Терроризмге қарсы орталығында Бішкекте арнайы операция кезінде екі қазақстандықтың көзі жойылғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді. 
"Жекелеген бұқаралық ақпарат құралдарында Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік қызметінің Бішкек қаласында жүргізген арнайы операциясы барысында Қазақстан азаматтары Абхин Альберт пен Әміров Жанболаттың өлтірілгені туралы ақпарат жарияланды. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл тұлғалар жайлы хабардар. Аталған екі азамат Батыс Қазақстан облысында тұрған, олар радикалды ағымдардың үгіттеуінің ықпалымен Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға қатысу үшін елден шығып кетуге шешім қабылдаған", делінген хабарламада.

2014 жылдың мамыр айында Абхин және сол жылдың тамыз айында Әміров Қырғызстан жеріне заңсыз өтіп, одан әрі шетелге қарай кетпек болған.

2014 жылдың жазында олар қырғыз арнайы қызметтерімен ұсталып, Қырғызстан аумағында шекарадан заңсыз өткендері, жасанды құжаттарды пайдаланғандары және заңсыз көші-қон ұйымдастырғандары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Абхин 4 жылға, Әміров 3 жылға бас бостандықтарынан айырылды.

"2015 жылдың мамыр айында Абхин мен Әміров қоныс колониясынан қашып кеткен. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті қырғыздық әріптестеріне қылмыскерлерді іздестіруде ықпалдастық көрсетті. Нәтижесінде іздеу салынған екі тұлға табылды, алайда ұстау кезінде олар қарулы қарсылық көрсетіп, атыс ұйымдастырды. Соның салдарынан олардың көзі жойылды. Кейбір БАҚ-тарда жарияланған Абхин мен Әміровтің Қазақстан аумағында террорлық ұйым құрып, оны басқарғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", делінген Терроризмге қарсы орталығының хабарламасында.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!