Ташкентте алтын өндірмек болған екі топ жанжалдасып, жарылыс орын алып, 25 адам қаза тапты

Фотография - Ташкентте алтын өндірмек болған екі топ жанжалдасып, жарылыс орын алып, 25 адам қаза тапты

Ташкент облысы Ахангаран ауданында алтын өндіретін қараусыз қалған шахтада жарылыс орын алып, 25 адам қаза тапты

182 0

 Ташкент облысы Ахангаран ауданында алтын өндіретін қараусыз қалған шахтада жарылыс орын алып,  25 адам қаза тапты, деп хабарлады "Озодлик" радиостанасы, деп жазады РИА Новости.

Радиостанса деректеріне сүйенсек, 13 шілдеде Кочбулак ауылына жақын орналасқан Алмалық тау-кен-металлургиялық комбинатына тиесілі қараусыз шахтада күшті жарылыс орын алды.

БАҚ қараусыз шахтада заңсыз алтын өндірмек болған екі топ арасында жанжал орын алып, жарылыс соның салдарынан болғанын атап өтеді.

"Кочбулак ауылының тұрғындары топпен алтын іздеуге келген. Сол күні екі топ арасында жанжал орын алған, жеңілген жақ шахтаны ұстап тұрған бағанды өртеп жіберген. Іште қалғандарға тау құлап, олар улы түтінге уланған".

Республиканың ресми билік өкілдері болған жағдайға қатысты әзірге еш түсінік бермей отыр.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!