Иракта болған жарылыс салдарынан 80 адам көз жұмды

Фотография - Иракта болған жарылыс салдарынан 80 адам көз жұмды

Иракта Ораза айтын тойлау рәсімінің соңында жарылыс болып, салдарынан 80 адам қаза тапты.

342 0

Иракта Ораза айтын тойлау рәсімінің соңында жарылыс болып, салдарынан 80 адам қаза тапты. 

Бұл туралы  Reuters-ке сілтеме жасап Газета.Ru хабарлады.

Бомба салынған көлік Бағдадтан солтүстік-шығысқа қарай  30 шақырым қашықтықта орналасқан Хан Бани Саад қаласындағы базарда жарылды.

Жарылыс салдарынан 50-ден аса адам жарақат  алды. Хабарлағандай, қаза тапқандар мен жарақат  алғандар Ораза айтын тойлап жүрген мұсылмандар. 

Бұған дейін 21 адам көз жұмды деп хабарланған болатын.


Тегтер:

Ирак жарылыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!