Екі пойыз соқтығысып, 150 адам жарақаттанды

Фотография - Екі пойыз соқтығысып, 150 адам жарақаттанды

Йоханнесбургте (ОАР) екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 150-ден астам адам жарақаттанды.

419 0

 Йоханнесбургте (ОАР) екі жолаушылар пойызы соқтығысып, 150-ден астам адам жарақаттанды, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Медициналық қызметтің деректеріне қарағанда, олардың арасында балалар өте көп. Дегенмен ешқайсысы да ауыр жарақат алмаған. Қаза тапқандар жайлы да ақпарат жоқ.

Оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, апат салдарынан бір пойыз рельстен шығып кеткен. Келеңсіз жағдайдың себеп-салдары әзірге анықтала қойған жоқ.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!