Charlie Hebdo Мұхаммед пайғамбардың карикатурасынан бас тартты

Фотография - Charlie Hebdo Мұхаммед пайғамбардың карикатурасынан бас тартты

Француздық Charlie Hebdo сатиралық апталыңының бас редакторы Лоран Суриссо (Laurent Sourisseau) басылымның бұдан былай Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын жарияламайтынын мәлімдеді.

370 0

Француздық Charlie Hebdo сатиралық апталыңының бас редакторы Лоран Суриссо (Laurent Sourisseau) басылымның бұдан былай Мұхаммед пайғамбардың карикатураларын жарияламайтынын мәлімдеді.

Бұл туралы The Washington Post-қа хабарлайды.

"Біз пайғамбардың карикатураларын пікір еркіндігі қағидаттарын қорғау мақсатында пайдаландық", – деп түсіндірді Суриссо.

Оның айтуынша, басылым қызметкерлері сатиралық суреттерге деген құқықтарын қорғай алып, өз жұмыстарын атқара білді. Рисс (Riss) лақап атымен белгілі суретші бұл суреттерімен ислам дінін келеке етуді мақсат етпегенін алға тартты.

Бұған дейін Charlie Hebdo бас карикатурашысы Реналь Люзье (Renald Luzier) жұмыстан кетіп, Мұхаммед пайғамбардың карикатураларына ендігәрі қызықпайтынын мәлімдеген болатын.

"Мен бұдан шаршадым. Франция президенті Николя Саркозиді салудан да жалықтым. Мен өз өмірімді олардың карикатурасын салуға сарп еткім келмейді", – дейді Люзье.

Басылым кеңсесіне шабуыл кезінде жарақат алған суретші Лоран Суриссо исламшылардың қолынан қаза тапқан Стефан Шарбоньенің (Stéphane Charbonnier) орнына бас редактор атанды.

2015 жылдың 7 қаңтарында Париждегі Charlie Hebdo сатиралық апталығының редакциясына 3 қарулы адам шабуыл жасаған болатын. Теракті кезінде 12 адам қаза болған. Олардың ішінде 10-ы басылым қызметкерлері. Кейіннен шабуылдағандардың көзі жойылды.

Терактіге журнал мұқабасындағы Мұхаммед пайғамбардың карикатурасы себеп болған. Редакциядағы атыс үшін жауапкершілікті йемендік "Аль-Каида" ұйымының көшбасшысы Нассера бен Али аль-Анси алды.

nur.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!