Google-дің капиталы 35 млрд долларға жетті

Фотография - Google-дің  капиталы 35 млрд долларға жетті

Америкалық NASDAQ қор индексі тарихи рекорд жасады. Оған Google корпорациясының есебі оң әсер етті.

440 0

Америкалық NASDAQ қор индексі тарихи рекорд жасады. Оған Google корпорациясының есебі оң әсер етті. Әлемге әйгілі компанияның бірінші жартыжылдықтағы таза пайдасы 3%-ға артып, 7 млрд долларды құрады. Ал оның жалпы кірісі 11%-ға ұлғайып, 35 млрд долларға жетті. БАҚ өкілдерінің мәлімдеуінше, Google мұндай жетістікке YouTube порталының арқасында қол жеткізіп отыр. Себебі, сайтты қолданушылардың саны 60%-ға артқан. Бұл соңғы 2 жылдағы ең жоғары көрсеткіш дейді мамандар.

Google Inc. Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі кеңейтілген іздеу жүйесі. Танымалдығы бойынша бірінші орында тұр (79.65 %), айына 41 млрд 345 млн сұраныс қабылдайды (нарық бөлігі 62,4 % ), 25 миллиардтан астам веб-беттерді индекстейді, (2009 жылдың 15 қазанынан бастап) ақпараттарды 191 тілде іздеу мүмкіндігіне ие.

Google іздеу жүйесі PDF, RTF, PostScript, Microsoft Word, Microsoft Excel, Microsoft PowerPoint және т. б. форматтағы құжаттарды тауып беру мүмкіндігіне ие.

Google іздеу жүйесін Стэнфорд университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин оқу жобасы ретінде шығарған еді. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Алғаш рет Google жеке-меншік корпорация ретінде 1998 жылы 4 қыркүйекте құрылады, Ларри Пейдж, Сергей Брин және Эрик Шмидт Google-да 2014 жылға дейін бірлесіп жұмыс істеуге келіседі. Компанияның көздеген мақсаты «әлемдік ақпаратты жинап, халық тұтынуына мол мүмкіндік беру. Google инженері Амит Патель ойлап тапқан компанияның бейресми ұраны –"Don't be evil" (Қатыгез болма!)». 2006 жылы компания қазіргі Штаб-пәтері орналасқан Калифорния штаты, Маунтин-Вьюға көшеді. Google.com домені 1997 жылы 15 қыркүйекте тіркеледі, іздеу жүйесі (2000 жылдан бастап) туған күнін 7 де және 27 қыркүйекте де атап өтеді.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!