Боливияда кеншілер полициямен қақтығысты

Фотография - Боливияда кеншілер полициямен қақтығысты

Потаси департаментіне қаржы салып, аймақтың жағдайын жақсартуды талап еткен кеншілер осымен оныншы күн наразылық шарасын ұйымдастырып отыр.

220 0

Боливияда ереуілдердің толастайтын түрі жоқ. Потаси департаментіне қаржы салып, аймақтың жағдайын жақсартуды талап еткен кеншілер осымен оныншы күн наразылық шарасын ұйымдастырып отыр. Бұл жолы Ла-Пас қаласында өткен шерудің соңы полициямен қақтығысқа ұласқан. Кеншілер Потоси департаментінің экономикалық дамуын талап етуде. Бұл аймақ елдің кен өндіруші өнеркәсібінің орталығы саналады. Соған қарамастан ереуілшілердің айтуынша, өңірде тұратын халықтың басым бөлігі кедейдің кебін киюге мәжбүр. Сондай-ақ аймақтағы әуежай мен ауруханалардың да әбден тозығы жеткен көрінеді. Роджер Альварес, кәсіподақ жетекшісі: - Біз Потоси тұрғындарының мәселесіне немқұрайлы қарай алмағандықтан, бүгін осында жиылып отырмыз. Биліктен түйткілі тарқамай келе жатқан бұл қиындыққа назар аударуын сұраймыз. Осылай деп ашынған жұрт ереуілді таратуға келген полицейлерге тас жаудырған. Тәртіп сақшыларына көзден жас ағызатын газ қолдануға тура келді. Салдарынан 4 адам жараланып, тағы 10 шеруші қамауға алынған.   Осыған ұқсас ереуілдер Потоси қаласында да өтіп жатыр. Мұнда ашуға булыққан ереуілшілер шаһар көшелерін басып алып, қаланы қоршауға алған. Салдарынан саяхаттауға келген 100-ге жуық аргентиналық турист елден шыға алмай, әбден әбігерге түсуде. Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, наразылық шарасының кесірінен қалада азық-түлік пен жанармай таусылуға жақын.

24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!