ИСИМ көсемі тұтқындарды жазалауды бейнекамераға түсіруге тыйым салды

Фотография - ИСИМ көсемі тұтқындарды жазалауды бейнекамераға түсіруге тыйым салды

"Ислам мемлекеті" ("ДАИШ") лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдади өз содырларына кісі өлімін бейнекамераға түсіріп, оны интернетке жүктеуге тыйым салды деп хабарлайды The Daily Mail.

191 0

"Ислам мемлекеті" ("ДАИШ") лаңкестік ұйымының көсемі Әбу Бакр әл-Бағдади өз содырларына кісі өлімін бейнекамераға түсіріп, оны интернетке жүктеуге тыйым салды деп хабарлайды The Daily Mail.

Басылымның хабарлауынша, топ жетекшісі бұл жарлығын аймақтардағы барлық өкілдіктеріне жіберіп, БАҚ арқылы жариялатқан. Бағдадидың айтуынша, жауыздық бейнеленген бейнероликтер ұйымның имиджіне нұқсан келтіріп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, бұл кадрларды тек "дінсіздер" ғана емес, өз жақтастарының балалары да көріп, бойларын үрей билеуі мүмкін деді ол.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап лаңкестік ұйым өкілдері интернетке жауыздықтың сан түрі көрсетілген бейнекадрларды жүктеп келеді. Ал, 2015 жылы бұл кадрларда кішкентай балалар пайда бола бастады. Мектеп жасына толмаған балалардың бірі ресейлік екі жауынгерді атып өлтірсе, тағы бір кадрда 10 жасар бала сириялық сарбаздың басын кесіп алады.

Содырлардың Жапония азаматтары Кэндзи Гото мен Харуна Юкаваны, америкалық Питер Кэссиг, британдық Алан Хеннингты өлтіруі қоғамда айтарлықтау шу туғызды.

 

 

baq.kz сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!