АҚ үй АҚШ пен Куба елшіліктерінің ашылуын тарихи сәт деп бағалады

Фотография - АҚ үй АҚШ пен Куба елшіліктерінің ашылуын тарихи сәт деп бағалады

АҚШ Кубаның Вашингтонда, ал Американың Гаванада ашылған елшіліктерін қуана қарсы ала отырып, тарихи шешімге балайды.

215 0

АҚШ Кубаның Вашингтонда, ал Американың Гаванада ашылған елшіліктерін қуана қарсы ала отырып, тарихи шешімге балайды.

Ақ үйдің баспасөз қызметі осылай деп мәлімдеді. «Бүгінгі күні қос елде ашылған елшіліктер – былтырғы жылдың 17 желтоқсанында АҚШ пен Куба арасында қол жеткен табысты дипломатиялық келіссөздердің және мемлекет басшылары Барак Обама мен Рауль Кастро жасаған мәлімдемелердің нәтижесі. Біз жарты ғасырдан астам уақыт бойы зардап шегіп келген Куба үкіметі мен халқынының бұдан былай өркенді қарым-қатынас жолына түсіп, арадағы ынтымақты арттыра түсуін тағатсыз күтеміз», - деп атап өтті Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнест. Ол сондай-ақ бүгіннен бастап америкалық дипломаттарың Куба жерінде үкімет мүшелерімен, азаматтық қоғам өкілдері және жергілікті халықпен түрлі кездесулерге қатысатынын жеткізді. Әрі АҚШ-тың Куба үкіметімен бірлесе отырып терроризммен күрес, азаматтардың құқығы мен сөз бостандығын қорғау сияқты бірқатар мәселенің оң шешімін табуға қолдау танытатынын айтып өтті.



24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!