ФИФА: Журналистер алдында сөйлемек болған Блаттердің бетіне бір бума долларды шашып жіберді

Фотография - ФИФА: Журналистер алдында сөйлемек болған Блаттердің бетіне бір бума долларды шашып жіберді

Цюрихтегі баспасөз-конференциясы басталмай тұрып, белгісіз біреу ФИФА президенті Зепп Блаттерге бір бума долларды бетіне шашып жіберді.

313 0

Цюрихтегі баспасөз-конференциясы басталмай тұрып, белгісіз біреу ФИФА президенті Зепп Блаттерге бір бума долларды бетіне шашып жіберді. Бұдан кейін Халықаралық футбол федерациясының басшысы БАҚ-пен кездесуін кейінге шегерді, деп жазады "ВВС" агенттігі. 

"Алдымен мына жерді жинастыруымыз қажет. Өйткені, мұндай жағдайда мен футбол туралы айта алмаймын", - деген Блаттер залдан шығып кетті. 

10 минуттан соң Блаттер оралып, баспасөз-конференциясы басталды.

Бұған дейін хабарланғандай, ФИФА-ның атқарушы комитеті 2016 жылдың 26 ақпанында мерзімінен бұрын президент сайлауын өткізу туралы шешім қабылдады. 

Мамыр айында бесінші мерзімге қайта сайланған Блаттер жемқорлыққа қатысты даудан кейін 2 маусымда отставкаға кететінін жариялаған. Ол бұл федерацияны 1998 жылдан бері басқарып келеді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!