Франция ауылшаруашылығы тығырыққа тірелді

Фотография - Франция ауылшаруашылығы тығырыққа тірелді

Францияның ауылшаруашылығы тығырыққа тіреліп отыр.

229 0

Францияның ауылшаруашылығы тығырыққа тіреліп отыр.

Егін оруы тиіс шаруалар банкрот болудың сәл-ақ алдында. Бұл онсыз да көтерем қойдай күй кешіп жүрген мемлекет бюджетіне қатты соққы болғалы тұр. Жеміс ағашынан мол табыс көрем деген Филипп Палезидің салы суға кеткен. Өнімін дүкендерге өткізбекке талпынды. Бірақ олар айтқан баға кеткен шығынды ақтамайды. Енді нарықта құны құлдыраған тауарды қалай саудалаймын деп түн ұйқысы төрт бөлінген.

Филип Палези, шаруа: - Бұлай жалғаса берсе, не боларын білмеймін. Қазіргі жағдай тым қиындап кетті. Маған жалданған жұмысшыларға келер аптадан жұмысқа шықпаңдар деп айтудан басқа амал қалмады.

 Шарасыздықтан шырқыраған шаруалар жол жауып, мемлекеттік мекемелерге қоқыс лақтырып та наразылықтарын жеткізуге тырысқан. Бірақ жыл бойы естігендері бос уәде. Олар қайырды кімнен күтерін білмей дал.

Флоран Дорнье, Ауылшаруашылығы өнімдері кеңесінің бас хатшысы: - Біз қазір экономика министрлігіндеміз. Мұндағы асханада күніне 5 мың түскі ас әзірленеді. Ең сорақысы, көп өнімдер Франциянікі емес. Мәселен, қызанақтар Мароккадан жеткізіледі екен.

 Өнім құнын көтеріп, мемлекеттік қолдау көрсету. Бұл –шаруалардың министрлерге қойған басты талабы. Жоспар бойынша жыл аяғына дейін ауылшаруашылығына 1 млрд 800 млн еуро бөлінуі тиіс. Бірақ олар бұл жаңалықтың жылымығын сезбеген. Ендігі үміттері ара ағайын болар үкіметте.

Жерар Менюэль, Ұлттық Ассамблеяның депутаты: - Қазір сүт өнімдерінің құны 13%-ға түсіп кетті. Бір литр сүттің бағасы, тіптен темекіден арзан. Бидайдың да құны бірден 14%-ға төмендеді.

 Франция үкіметі 25 мың шаруаның шаруашылығы күйреуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Ал шаруалар олардың қатары бұл көрсеткіштен екі есе көп екенін айтады. Мануэль Вальс,

Францияның премьер-министрі: - Бұл – тек субсидиямен шешіле қоятын мәселе емес. Бұл жайтқа бір кездері экономиканы жандандыру заңына дауыс берген депутаттар да жауапты.

Отандық өнімді алуға билік үгіттегенмен, көш орнынан қозғалмады. Түйтклдің түйінін тарқату үшін жуық арада тамақ өндірісінің сарапшыларымен жиын өтпек. Сол отырыстан күтер үміт көп.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!