Красноярск түбінде сұмдық жол апаты орын алды (ВИДЕО, ФОТО)

Фотография - Красноярск түбінде сұмдық жол апаты орын алды (ВИДЕО, ФОТО)

Бүгін, 22 шілдеде Ресейдің Красноярск қаласының түбінде автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Қазір осының салдарынан жантәсілім еткендер саны 33 адамға жетті.

378 0

Бүгін, 22 шілдеде Ресейдің Красноярск қаласының түбінде автобус пен жүк көлігі соқтығысты. Қазір осының салдарынан жантәсілім еткендер саны 33 адамға жетті. Бұл туралы "Россия24" телеарнасы хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы жергілікті уақыт бойынша 09:15 сағатта М-53 "Байкал" федералды трассасының Козуль ауданы Шишково деревнясы тұсында орын алды. Жолаушылар автобусы жүк көлігімен соқтығысты. Нәтижесінде фура отқа оранған. Осы жерде бірден 11 адам қаза тапқан.

"Жараланған 22 адам Ачинск ауруханасына жеткізілді, 11 адам Козуль ауруханасында", – деп хабарлады өлке денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Зоя Масленникова.

Оның айтуынша, апат орнына бортына 13 медикті алған 2 тікұшақ ұшып келген. "Пациенттердің бір бөлігі тасымалдауға жарамады. Жақын арада Краноярскіге 6 зардап шегушіні, соның ішінде 3 баланы жеткізу жоспарлануда", – деді Масленникова.

Қазір апат орнында тергеу-жедел тобы мен 30 адамнан тұратын құтқарушылар отряды жұмыс жасап жатыр.

Алғашқы болжам бойынша осыншалықты апаттың орын алуына автобус жүргізуші айыпты делінуде. Ол қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Онымен бетпе-бет соқтығысқан жүк көлігінен түк қалмаған.

Фото: vk.com/id238446735

Фото: vk.com/id238446735

Фото: vk.com/id238446735

Фото: vk.com/id238446735

Суреттер: dni.ru сайтынан



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!