Аптап ыстық Швейцария ауылшаруашылығын әлсіретті

Фотография - Аптап ыстық Швейцария ауылшаруашылығын әлсіретті

Швейцариядағы аптап ыстықтан жергілікті тұрғындар ғана емес, ауылшаруашылығы да зардап шегіп отыр.

371 0

Швейцариядағы аптап ыстықтан жергілікті тұрғындар ғана емес, ауылшаруашылығы да зардап шегіп отыр.

 Сондықтан жергілікті билік жайылымда жүрген ірі қара малды құтқару үшін қолдан келгенді жасап бағуда. Арнайы құрылған әскери бригада малдарды суаруға көшті.

Швейцарияның Юра тауларында аптап ыстық ауылшаруашылығын әлсіретіп барады. Жаңбыр жаумағасын егіс алқаптары күйіп, жайылымда жүрген мал қырылып жатыр. Суды үнемдеу шаралары қолға алынғанмен, шаруалардың жағдайы жақсаратын түрі жоқ. Осыған орай жергілікті билік құрлықтағы сарбаздар мен әуе күштерінің әскерлерін жұмылдырып отыр.

Мирелла Питтет, шаруа: - Тіршілік көзін үнемдеуге тура келеді. Қажетімізге пайдаланып жатырмыз. Қалай болғанда да, шаруадағы малды сақтап қалуға тырысамыз. Елде ауа температурасы бірнеше күннен бері өте жоғары болып тұр. Жергілікті шаруа қожалықтары 20 мың бас мал мен егістікті суару үшін су жетпей жатқанын айтып, дүрбелең туғызып жатыр. Өйткені күніне кем дегенде 100-150 литр су қажет. Қазір әскерилер аймақта қолдан жасалынған 8 су қоймасын құрған. Алдағы уақытта оларға тікұшақпен 6,5 млн литр су жеткізбек.

Луи-Анри Деларагез қарулы күштер қызметкері: - Көп шығын кетпейді. Қазір құрлықтағы әскерлер үшін жаттығулар өткізетін уақыт. Әскери әуе күштері де ашық аспанда жаттығулар жасап жатқан кез. Сарбаздар әрі шынығып, әрі қоғамға да пайдасын әкеледі. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, тұрғындардың көбі сүт өнімін сату арқылы күндерін көріп жүр. Сол себептен сиырларды сақтап қалу гуманитарлық және экономикалық тұрғыдан өте маңызды.

Филипп Лойба, экономист: - Бізде ауылшаруашылығы жергілікті тұрғындарды азық-түлікпен қамтамасыз етеді. Егер бұл сала табиғат апатынан зардап шегіп, шығынға бататын болса, бұл ел экономикасына да кері әсерін тигізуі мүмкін.

Шаруалар сумен қамтамасыз етіп отырған билікке риза. Елде бұндай қуаңшылық соңғы рет 2003 жылы болған. Ол кезде де әскерилер қол ұшын беріп, таулы мекендерде орналасқан ауыл шаруаларын сақтап қалған болатын.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!