Обама: Ұлыбритания ЕО құрамында қалуы керек

Фотография - Обама: Ұлыбритания ЕО құрамында қалуы керек

Ұлыбритания АҚШ-тың ең сенімді серіктерінің бірі және ол трансатлантикалық ынтымақтастық үшін Еуропалық одақтың құрамынан шықпауы тиіс деді АҚШ президенті Барак Обама Би-би-сиге берген сұхбатында.

448 0

Ұлыбритания АҚШ-тың ең сенімді серіктерінің бірі және ол трансатлантикалық ынтымақтастық үшін Еуропалық одақтың құрамынан шықпауы тиіс деді АҚШ президенті Барак Обама Би-би-сиге берген сұхбатында.

"Ұлыбританияның Ероодақтағы мүшелігі трансатлантикалық одақтың қуаттылығына сенім береді және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылып, әлемге бейбіт өмір сыйлап отырған институттардың негізі болып қалады. Сондықтан, біз Біріккен Корольдіктің осы жолдан таймайтынына сенімдіміз" деді Обама өз сөзінде.

Айта кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон корольдіктің Еуроодақ құрамында қалу-қалмауын халықтың таңдауына қалдырып отыр. Яғни, 2017 жылдың соңына дейін елде референдум жүріп, тұрғындар өз қалауын жасайды. Британия одақ мүшелігінен толық шығып кетпейді, тек бірқатар жеңілдіктерге кедергілер қоятын болады.  

 

 

baq.kz

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!