Түркия АҚШ-қа әуебазасын беруге әзір

Фотография - Түркия АҚШ-қа әуебазасын беруге әзір

Түркия билігі "Ислам мемлекеті" радикалды тобына соққы беру үшін өз әскери-әуе базаларының бірін АҚШ Әскери күштеріне беруге әзір.

98 0

Түркия билігі "Ислам мемлекеті" радикалды тобына соққы беру үшін өз әскери-әуе базаларының бірін АҚШ Әскери күштеріне беруге әзір. 

Бұл туралы Би-би-сиге АҚШ-тың бірнеше шенеунігі жасырын хабарлады, ендігі жағдайда тек келісімге ресми түрде қол қою қажет.
Мұндай ынтымақтастық туралы уағдаластыққа сәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обама мен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған арасындағы телефон арқылы болған әңгімеде нақты анықталды, деп хабарлайды дереккөз.

Әңгіме Сирия шекарасына жақын жердегі «Инджирлик» базасы жайында болуы мүмкін.

Бейсенбіде Түркия-Сирия шекарасында түрік әскері мен «Ислам мемлекеті» содырлары арасында қақтығыс болды. Апта басында түріктің Суруч қаласында жарылыс салдарынан 32 адам қаза тапқан, Анкара оқиғаға жауапкершілікті ИМ-ға жүктеді. 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!