Литва бір жыныстылар қатынасын қолдауға әзір емес

Фотография - Литва бір жыныстылар қатынасын қолдауға әзір емес

Литва сеймінің спикері Лорета Граужинене литван қоғамы бір жынысты адамдардың әріптестік қарым-қатынасын заңдастырып беруге әзірге дайын емес деп санайды.

171 0

Литва сеймінің спикері Лорета Граужинене литван қоғамы бір жынысты адамдардың әріптестік қарым-қатынасын заңдастырып беруге әзірге дайын емес деп санайды. Бұл туралы delfi.lt хабарлады.

"Біздің қоғам әлі мұндай әрекетке пісіп-жетілген жоқ", – деді парламент басшысы сәрсенбі күні Ziniu radijas радиостансасына берген сұхбатында.

Л.Граужинененің айтуынша, мұндай шешімдер оларға төзіммен қарайтын жаңа ұрпақ пісіп-жетілгенде қабылданады.

"Мұндай нәрселерді түсінбейтін біздің жасы үлкен қадірменді кісілеріміз қандай да бір құрметке лайық, сондықтан қазір қоғамды босқа дүрліктіріп қажеті жоқ деп ойлаймын", – деді спикер.

Литвада сейсенбі күні Еуропаның адам құқығы жөніндегі сотының Италияны бір жыныстыларды сот арқылы мойындауды қамтамасыз етпегені үшін Еуропа конвенциясын бұзды деген мәлімдемесі оншалықты жақсы қабылданған жоқ.

ras.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!