NASA ғарыш шетінен «жаңа Жер» тапқанын жариялады

Фотография - NASA ғарыш шетінен «жаңа Жер» тапқанын жариялады

Американың NASA компаниясының мамандары мыңжылдықтың болмаса да, «ғасырдың табысы» болып табылатын жаңалық тапқандарын мәлімдеді.

226 0

Американың NASA компаниясының мамандары мыңжылдықтың болмаса да, «ғасырдың табысы» болып табылатын жаңалық тапқандарын мәлімдеді. Ғалымдар космостың терең түкпірінен "жаңа Жер" тапқандарына сендіргілері келеді. Бұл туралы НТВ.Ru хабарлады.

Мамандардың айтуларынша, тек осындай атау ғана біздің галактикамыздың еі шетінде тұрған планетаға көбірек келіңкірейді.

Аталмыш жаңалық астрономиялық "Кеплер" спутнигінің арқасында өмірге келді. Кеңістіктің айдынында ол жеті жылдан бері тұр. Ал мақсаты тіршілік болуы ықтимал аспан денелерін іздеп табу болып табылады. NASA жаңа табылған планетада сондай тіршіліктің бар екеніне еш күмәнданбайды.

Табылған планетаның диаметрі Жерден шамамен 60 пайыздай үлкен. Сондықтан ғалымдар оны Жердің "тұрпаттасы" деп есептей алмай отыр. Бірақ нақты мәліметтері белгісіз оны супер-жер деп тануға әлі ерте.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!