Қытайда 3 сағатта 3D-принтерінде екі қабатты үй басып шығарды (ФОТО)

Фотография - Қытайда 3 сағатта 3D-принтерінде екі қабатты үй басып шығарды (ФОТО)

3D-принтері мұндай үйдің 1 шаршы метрінің құнын төмендетеді - жиһаз, сантехника т.б. барлығы - $560 ішіне кіреді.

911 0

Қытайда 3 сағатта 3D-принтерінде екі қабатты үй басып шығарды, деп жазады шетелдік БАҚ.

3D-принтері мұндай үйдің 1 шаршы метрінің құнын төмендетеді   -  жиһаз, сантехника т.б.  барлығы  -  $560 ішіне кіреді.

Екі қабатты үй 3 сағатта салынды. ҚХР-да  3D-үй  құрылысымен айналысқан ZhuoDa group фирмасы  сол күні кешке  тағы бір үй тұрғызды.

"3D-принтермен басып шығарылған үй жеке үлгіден салынған, оны фабрикада тұтастай дайындайды. Іші  әрленген, сым өткізілген, су құбыры, сантехникасы, жиһазы бәрі орнатылған. Құрылыс алаңына үй 90 пайызға дайын болып келеді", деп хабарлады Imena.ua.

Фрагменттер құпия ұсталатын арнайы құраммен басып шығарылады,  үй жоғары жылу оқшаулағышымен ерекшеленеді. Жазда салқын, қыста жылы.

Бұған өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы қалдықтарынан жасалған материалдар кіретіні құпия емес. Сондықтан дайын  үлгіде зиянды заттар жоқ. Басып шығарылған үй 9 магнитудалы жер сілкінісіне шыдас беретіні хабарланады, от пен суға төзімді.

Дайын үлгілерді  басып шығарғаннан кейін бригада үйді  жинай салады. Сондықтан  принтерде  басып шығарылған үй басқа тәсілмен салынған үйлерден арзанға түседі.

Қазір  ZhuoDa group  фирмасының жаңа материалға   22 патенті бар,      40 мемлекеттік жобалармен келісімшартқа қол қойған,  2016 жылы   Zhuoda Group салған үйлердің алаңы 2 млрд. шаршы метрге жетуі мүмкін, ал жиынтық құны  $1,2 трлн. болмақ.

null 

null 

null



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!