776

Румынияда 89 жастағы бұрынғы түрме бастығы 20 жылға сотталды

Румынияда сот түрменің бұрынғы басшысын 20 жылға соттады. Түрмеде коммунистер басқарған уақытта саяси тұтқындар болған.
Фотография - Румынияда 89 жастағы бұрынғы түрме бастығы 20 жылға сотталды

Румынияда сот түрменің бұрынғы басшысын 20 жылға соттады. Түрмеде коммунистер басқарған уақытта саяси тұтқындар болған.

1956-1963 жылдары "Рамнису Сарат" түрмесін басқарған 89 жастағы Александр Висинеску сотталғандарды азаптағаны және өлтіргені үшін айыпты деп танылды.

Айыптау тарапы, сонымен қатар, саяси тұтқындарды аштықта ұстағанын айтты.

Тергеу ақпаратынша, Висинеску түрмені басқарған кезде онда 12 тұтқын қаза тапқан.

Түрменің бұрынғы басшысы кінәсін мойындамай, ел басшылығының тапсырмаларын орындағанын айтты. 

Загрузка...