Майкл Джексонның айта алмай кеткен 20 әні табылды

Фотография - Майкл Джексонның айта алмай кеткен 20 әні табылды

Аз ғұмыр кешсе де, жарқылдап өткен поп-король Майкл Джексонның бұрынғы дыбыс режиссері таяуда бір жаңалық айтты.

141 0

Аз ғұмыр кешсе де, жарқылдап өткен поп-король Майкл Джексонның бұрынғы дыбыс режиссері таяуда бір жаңалық айтты.

Майкл Дарэм Принс өз компьютерінде әншінің 20-ға жуық әнін сақтап келеді екен. Бірақ олардың барлығы таспаға соңына дейін жазылмаған.

Қазір дыбыс режиссері бұл композицияларды жария ете алмайтынын айтуда, себебі оның бұған авторлық құқығы жоқ. Тек ғана Джексонның мұрагерлерінде болатын бұл құқықты іске асыру үшін әндерді соңына дейін айтып, таспаға жазып шығу керек.

Майкл Дарэм Принс поп-корольдің көзі тірісінде айнымас досы болған. Ол Джексонмен 1995 жылдан бастап, әншінің ақтық демі таусылған күнге дейін жұмыс істеді, деп жазады 24.kz.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!