Барак Обама Эфиопияға жұмыс сапарымен барды

Фотография - Барак Обама Эфиопияға жұмыс сапарымен барды

АҚШ президенті Барак Обама өзінің Африкаға жасаған жұмыс сапары аясында Эфиопияға ат басын бұрды.

232 0

АҚШ президенті Барак Обама өзінің Африкаға жасаған жұмыс сапары аясында Эфиопияға ат басын бұрды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Барак Обаманы Аддис-Абеба аэропортында елдің премьер-министрі Хайлемариам Десалень күтіп алды. Мұнан соң Обама АҚШ-тың Эфиопиядағы елшілігі қызметкерлерімен кездесті. Сапар барысында Америка лидері Эфиопия басшылығымен кездесіп, келіссөз жүргізді. Онда терроризммен күрес, адам құқығын сақтау және Оңтүстік Судандағы азамат соғысы әңгіменің басты тақырыбына айналды. Ол сондай-ақ, Африка одағының штаб-пәтеріне де аялдады.


 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!