Қытай билігі жалған iPhone шығарған фабриканы жауып, тоғыз адамды қамауға алды

Фотография - Қытай билігі жалған iPhone шығарған фабриканы жауып, тоғыз адамды қамауға алды

Қытайда 40 мыңнан астам жалған iPhone смартфонын шығарған астыртын фабриканың жұмысына қатысы бар деген күдікпен 9 адам қамауға алынды

508 0

Қытайда 40 мыңнан астам жалған iPhone смартфонын шығарған астыртын фабриканың жұмысына қатысы бар деген күдікпен 9 адам қамауға алынды, деп хабарлайды ВВС.

Астыртын өндірісте жаңа iPhone смартфондарын бұрын қолданыста болған және жасанды бөлшектерден жинаған жүздеген қызметкер жұмыс істеді. Контрафактілік смартфондар экспортқа, соның ішінде АҚШ еліне де жіберілген, ағымдағы жылдың ішінде ғана сатудың жалпы көлемі 41 мың да құрылғы немесе 120 млн. юаньға (19,7 млн.АҚШ доллары) бағаланады. Жалған смартфондардың өндірісі қаңтар айында басталған.

Қызмет көрсету орталығы түрінде жұмыс істеген фабрика 14 мамырда анықталды, алайда қытайлық Қоғамдық қауіпсіздік бюросы өткізілген іс-шаралар туралы әлеуметтік желілерде тек өткен жексенбі күні хабарлаған.

Бейжің билік көздерінің айтуынша, астыртын фабриканы ерлі-зайыпты жұп басқарды, ал сматрфондарды құрастыру қытайлық астананың солтүстік бөлігінде жүзеге асырылған. 

 


Тегтер:

iPhone Қытай

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!