Француз фермерлері Германиямен байланыстыратын жолды жауып тастады

Фотография - Француз фермерлері Германиямен байланыстыратын жолды жауып тастады

Ауылшаруашылығы саласындағы дағдарыс әлемдік деңгейге жетті

150 0

Ауылшаруашылығы саласындағы дағдарыс әлемдік деңгейге жетті. Амалы құрыған фермерлер үлкен шаһарларға шығатын басты жолдарды жауып жатыр. Бұл жолы олар Францияны Германия-Испания елдерімен байланыстыратын күре жолдарға тосқауыл болып, жеміс-жидек толы жүк көліктерді елге жіберер емес.

Елдің күре тамыры саналатын тас жолдарды жауып, бас көтеріп жатқан шаруалардың наразылықтары Францияның әр түкпірінде жүріп жатыр. Алдымен елдің солтүстік батысындағы туристер қатынайтын Мон-Сен-Мишель, кейін Руан мен Брест, соңынан наразы топ оңтүстік-шығысқа бет алды. Онда елдегі екінші ірі қаласы Лион автожолына тосқауыл қойылды.

Ксавье Белэн, Ұлттық ауыл шаруашылығы кәсіподағы федерациясының президенті: - Біз наразылық шарамызды тоқтатуды жоспарлап отырмыз. Әрине біздің мұндай әрекетімізден туған-туыстарына демалуға бара жатқан қарапайым тұрғындар жапа шегіп жатыр. Біз олардың демалысының шырқын бұзу үшін бас көтеріп жатқан жоқпыз. Біздің мақсатымыз басқа. Олар шаруалардың жанайқайын естіп жатқанын сезіп отырмыз.

Бұл мәлімдемеден соң мәселе оң шешімін тапқан жоқ. Кезек Германия шекарасына дейін жетті. Эльзаста ауылшаруашылық өндірушілері бірден алты жол мен бес көпірге трактор қойып, жолды жауып тастаған. Фермерлердің айтуынша, бәсекелестік ережелері сақталмаған. Өйткені немістер Шығыс Еуропадан нәпақа табу үшін келетіндердің арзан еңбек күшін пайдаланып отыр. Оған қоса шаруалар мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілмейді деп дабыл қағуда. Осыған құлақ асқан үкімет өткен аптада шаруалардың салықтар бойынша қарыздарын азайту мақсатымен 600 миллион еуро бөлген.

Мануэль Вальс, Францияның премьер-министрі: - Көрсетілетін көмек 6 бөлімнен тұрады. Біз шаруалардың талаптарын естіп, біліп отырмыз. Бірақ биліктегілер берген уәдеде тұрды. Мәселен, сатып алу бағасын көтеруді талқылап жатырмыз. Екіншіден, салықты азайту мәселесі де қарастырылып жатыр.

 Елдегі қиындықтарға қарамастан Франция ауылшаруашылық салада Еуропада көш бастап тұр. Өйткені жері көп және ірі шаруашылықтар бар. Дегенмен Германия арзан еңбек күшін пайдалануының арқасында тауарларды экспортқа шығару бойынша француздарды басып озды. Оған қоса осыдан бір жыл бұрын ресейліктер Еуропадан келетін азық-түлікті ішкі нарыққа жібермей қойған болатын. Соның салдарынан француздар өнімді қайда сатарын білмей дал болуда. Әзірге елдегі наразылық шараларының қашан аяқталары белгісіз. Ал ет, сүт, жеміс-жидек пен көкөніс тиелген ондаған неміс жүк көлігі Франциямен шекарада тұр. Ал олардың әр сағаты мың еуро шығын келтіруде.


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!