Зимбабведе елдің символына айналған арыстан өлтірілді

Фотография - Зимбабведе елдің символына айналған арыстан өлтірілді

Зимбабвенің екі тұрғыны Сесил есімді арыстанды өлтіргені үшін сот алдында жауап беретін болды.

217 0

Зимбабвенің екі тұрғыны Сесил есімді арыстанды өлтіргені үшін сот алдында жауап беретін болды. Аң патшасы соңғы бірнеше жыл көлемінде туристердің сүйіктісіне айналып, елдің нышаны ретінде танылған болатын. Жергілікті экологиялық ұйым өкілдерінің хабарлауынша, аңды атуға америкалық туристердің бірі тапсырыс берген екен.

Жыртқышты өлтірді деген айыппен кәсіби аңшы Тео Бронкхорст пен фермер Онест Траймор Ндлову ұсталды. Тергеушілердің айтуынша, олар алдын ала келісіп, арыстанды рұқсатсыз атып алған. Олардың, тіпті аңшылыққа лицензиясы да болмапты. Енді ол екеуі 10 жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

"Зимбабвені сақтау жасағы" деп аталатын экологиялық ұйымның хабарлауынша, арыстанды өлтіру үшін Уолтер Палмер атты америкалық турист 55 мың доллар төлеген. Ол екі зимбабвелікпен бірге сафариге шығып, жыртқыш аулаған көрінеді. Көздеріне бірінші болып көрінген арыстанды олар арбалетпен атып жаралаған. Кейін 40 минуттай артынан қуып, әлсіреп құлаған аңды мылтықпен атып өлтірген.

Уолтер Палмер АҚШ-та тіс дәрігері болып істейді, ол аңшылықты өте жақсы көреді екен. Ол ірі жануарларға арбалетпен аңға шыққанды ұнатады екен, соның ішінде экзотикалық жануарларға да. арыстанды өлтіргеннен кейін Палмер арыстанның басын трофей ретінде кесіп алған. Оны аңшының үйінен тауып алған, қазір ол қылмыстың басты айғағы болып тұр. Палмер кінәлі деп табылса ол да 10 жылға сотталуы мүмкін.

"Енді, Сесил өлгеннен кейін оның орнын басатын келесі арыстан Джерико Сесилдің аландарын өлтіріп тастайды, бұл табиғаттың заңдылығы" дейді қоршаған ортаны қорғау маманы Джони Родригес. 

 

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!