Мексикада қылмыскерлер 700 жылға сотталды

Фотография - Мексикада қылмыскерлер 700 жылға сотталды

Мексиканың солтүстігіндегі Хуарес қаласының соты 11 әйелдің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы бес қылмыскерді 697 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

382 0

Мексиканың солтүстігіндегі Хуарес қаласының соты 11 әйелдің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс бойынша айыпталушы бес қылмыскерді 697 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады.

Мексикалық БАҚ өкілдерінің ақпары бойынша, қылмыскерлер қыздарды жергілікті газеттерге жұмыс туралы хабарламалар беру арқылы тапқан. Жұмысқа орналасуға ниеттенген қыз-келіншектер оларға өздері жөнінде жеке ақпарат толтырып, түйіндеме жіберіп отырған. Осылайша, қыздардың мекенжайын біліп алған қаскөйлер оларды үйлерінен ұрлап әкетіп, жезөкшелікпен айналысуға, есірткі таратуға мәжбүрлеген. Ал әйелдер "тауарлық түрін" жоғалтқан кезде, оларды өлтіріп, мәйіттерін өзенге ағызып отырған. Бұл қылмыстар 2009 бен 2010 жылдарда жасалған көрінеді, алайда, қыздардың мәйіттері тек 2012 жылы табылыпты.

egemen.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!