Францияда мектеп директорының жеке мәліметтерінен балалар порнографиясы табылған

Фотография - Францияда мектеп директорының жеке мәліметтерінен балалар порнографиясы табылған

Француз парламенті балалармен жұмыс істейтін мамандарға бақылауды күшейтпек.

437 0

Француз парламенті балалармен жұмыс істейтін мамандарға бақылауды күшейтпек.

Бұл – 45 жастағы мектеп директорының жеке мәліметтерінен балалар порнографиясы табылғаннан кейін қолға алынған шұғыл шара. Ең сорақысы, елдің білім министрлігі аталған оқиғадан бейхабар болған. Ал қырықтың қырқасына шыққан ер адам мектепті басқарып жүре беріпті.

 Жаға ұстатқан бұл жағдай Францияның оңтүстік-шығысындағы Вильфонтен мектебінде болған. 55 баланың ата-анасы мектеп директоры балаларымызды сексуалдық анайы әрекетке итермеледі деп үстінен шағым түсірген. Алайда әлі күнге дейін бірінің де нақты дәлелі жоқ. Ең сорақысы, ол адам 2008 жылы балалар порнографиясын сақтағаны үшін жарты жыл түрмеде отырып шыққан екен. Ал бұл ақпарат білім министрлігіне жетпеген соң қылмыскер жұмысын жалғастыра берген.

Наджат Валло-Белькасем, Франция Ұлттық білім министрі:

 - Біз түсініксіз жағдайда отырмыз. Мемлекеттік органдар мұны соттан емес, баспасөзге кездейсоқ шығып кеткен ақпараттан, ұзынқұлақтан естіді. Қылмыскерлер заңның осындай осыл тұстарын пайдаланып жүр.

Министрдің айтуынша, сотталғандарға арамзалығын түрмеден кейін де жалғастыруға жол ашып келген осы келеңсіз жүйе елде 200 жыл орнап тұр. Енді әділет пен білім министрліктері арасындағы ақпарат алмасуды міндеттейтін заң енгізілмек. Мұнымен қоса осындай сорақылықтан зардап шеккендерге төленетін өтемақы ұлғайтылады. Алайда депутаттар арасында мұндай өзгерістерге қарсы шыққандар табылды.

Сержио Коронадо, Франция Ұлттық Ассамблеясының депутаты:

- Прокурор оқу орнының әкімшілігін тергеу басталған кезден хабардар ете алады. Ал кәмелетке толмағандармен жұмыс істейтін күдікті қамауға алынса, бұл туралы хабар беру тіпті міндетті. Алайда бұл адамның кінәсіздігін дәлелдеу принципіне қайшы келеді. Айыпталушы ол кезде өз құқығын қорғай алмайтындықтан, ол ақпаратты жариялаудың қажеті жоқ.

Осындай қарсы пікірлер кездескенімен ұлттық Ассамблея түзетулерді мақұлдады. Бұл Франция үшін дер кезінде қолға алынған шара сияқты. Өйткені Еуропа кеңесі елде балалар тиісінше қорғалмайды деп талай айтқан болатын. Ал ЮНИСЕФ болса Француз балалары дене жарақаттарынан сақталмаған деген мәтінде, баяндама да жариялады.
 


24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!