Үндістан 2022 жылы әлемде халық саны бойынша көш бастайды

Фотография - Үндістан 2022 жылы әлемде халық саны бойынша көш бастайды

Жеті жылдан кейін Үндістан әлемдегі ең халқы көп елге айналады.

1046 0

Жеті жылдан кейін Үндістан әлемдегі ең халқы көп елге айналады. Бұдан бұрын Үндістан Қытайды бұл көрсеткіш бойынша 2028 жылы басып озады делінсе, енді 2022 жыл айтылуда. 

Бұл туралы болжам сәрсенбіде  БҰҰ халық санағы бөлімінің жариялаған баяндамасында айтылды.

Құжатқа сәйкес қазіргі халық саны 1,38 млрд адамға жеткен Қытай халқы 2030 жылға дейін өзгермейді, кейін біртіндеп азая бастайды. Үндістанда бұл көрсеткіш 2022 жылы 1,31 миллиардтан 1,4 миллиардқа дейін, 2030 жылы 1,5 миллиардқа дейін, 2050 жылы 1,7 миллиардқа дейін ұлғаяды.

БҰҰ сарапшыларының бағалауынша, Жер халқы 2050 жылы 7,3 миллиардтан 9,7 миллиардқа дейін өседі. Демографтардың болжамынша, XXI ғасырдың соңында ғаламшарда 11,2 миллиард адам тіршілік кешетін болады.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!