Бүгін 2022 жылғы қысқы Олимпиада астанасы белгілі болады

Фотография - Бүгін 2022 жылғы қысқы Олимпиада астанасы белгілі болады

Бүгін, 31 шілде күні Малайзияның астанасы – Куала-Лумпур қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін қаланың аты белгілі болады.

265 0

Бүгін, 31 шілде күні Малайзияның астанасы – Куала-Лумпур қаласында XXIV қысқы Олимпиада ойындары мен XIII Паралимпиада ойындарын өткізетін қаланың аты белгілі болады. Бұл туралы ras.kz хабарлады.

Мұнда кеше Халықаралық олимпиялық комитеттің 12-ші сессиясы ашылды. Таңдау ақтық кезеңге дейін жеткен екі қала – Алматы мен Бейжіңнің біріне жасалады. Осы жөніндегі шараға ХОК-тың 85 делегаты қатысады. Дауыс берушілер арасындаҚазақстан мен Қытайдың өкілдері болмайды. Сол сияқты Халықаралық олимпиялық комитетінің президенті Томас Бах та өз пікірін білдіруден тыс қалады.

Бүгін таңертең Алматы, сосын Бейжің өздерінің соңғы таныстырылымдарын өткізді.

Қазақстан делегациясын мұнда Алматы өтінім комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов бастап келді. Үкімет басшысы кеше ХОК президенті Томас Бахпен кездесті. Кездесу барысында қос тарап ХОК-тың алдағы 128-сессиясының күн тәртібін талқылады.

Олимпиаданы өткізуден үміткер қала – Алматының әкімі Ахметжан Есімов те 30 шілде күні сағат 14:00-де ХОК президентімен жүздесті. Тараптар XXIV қысқы Олимпиаданы өткізетін қаланы таңдау мәселелерін сөз еткен болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!