ХОК-тың 85 мүшесі қысқы Олимпиада астанасын таңдауға қатысады

Фотография - ХОК-тың 85 мүшесі қысқы Олимпиада астанасын таңдауға қатысады

ХОК сессиясы 31 шілде мен 3 тамыз аралығында Куала-Лумпур қаласында өтіп жатыр. 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Бейжің мен Алматы үмітті.

326 0

ХОК-тың 85 мүшесі қысқы Олимпиада астанасын таңдауға қатысады, деп хабарлады Рейтер.

ХОК сессиясы 31 шілде мен 3 тамыз аралығында Куала-Лумпур қаласында өтіп жатыр.  2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге Бейжің мен Алматы үмітті.   Ойынды өткізу құқығы кімге бұйыратыны аздаған уақыттардан соң болады.

Дауыс беру құқығына барлығы 100 мүше ие. Олардың 15-і 2022 жылғы ойындардың астанасын таңдауға қатыспайды. Insidethegames.biz жазғандай, ХОК президенті Томас Бах, ұйымның қытайлық үш мүшесі дауыс бере алмайды. ХОК-тың тағы 11 мүшесі соңғы бірнеше жыл ішінде олимпиада өтінімдерін талқылауға қатыспағандықтан дауыс бере алмайды.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!