Желіде Турчинов пен Сюмар кездесуі талқыланып жатыр

Фотография - Желіде Турчинов пен Сюмар кездесуі талқыланып жатыр

Украинаның әлеуметтік желілерінде елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Александр Турчинов пен сөз бостандығы комитетінің басшысы Виктория Сюмардың құпия кездесулері салынып, жұртшылықтың кең талқылауына түсіп жатыр.

323 0

Украинаның әлеуметтік желілерінде елдің ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің төрағасы Александр Турчинов пен сөз бостандығы комитетінің басшысы Виктория Сюмардың құпия кездесулері салынып, жұртшылықтың кең талқылауына түсіп жатыр. Бұл туралы totall.info хабарлады.

Атап айтқанда, видеодан олардың бір-бірлерінің көліктеріне қалай ауысып мінгендері, сосын соңдарынан түскен аңдушыларды қалай жолда қалдырып кетудің амалдарын жасағандары, ақырында Киевтің түбіндегі жалға алып қойған астыртын үйлеріне қалай барғандары көрінеді.

Видео авторларына саясаткерлердің 8 наурыз күні бірге өткізген романтикалық кездесулерін түсіріп алудың орайы келіпті.

"Бұл Турчинов пен Сюмардың қарым-қатынастары әлдеқашан қызметтің шеңберінен шығып, жеке интимдік қатарға ұласып кеткендерін дәлелдейтін бірінші видео болып табылады. Видео 2015 жылғы 8 наурызда түсірілген", – делінген оның астындағы жазбада.

Авторлар Сюмар мен Турчиновтың жоғары рададан шығып, 1 минут жүріп келген жерлерін түсірген. "Киев" отелі жанына турчиновтың АА 3977 ТО нөмірлі қара аудиі келіп тоқтады. Мұндағы ТО сериясы Турчинов Олександр дегенді білдіреді. Сіркіреп жауған жауынның астында "қанқұйлы пастор" енді ақ аудиге – өзі Виктория Сюмарға сыйлаған көлікке отырды. Автомобиль тез жүріп кетті", – деп жазады видео егелері.

Александр Турчиновтың сондай-ақ христандықты уағыздайтын баптистер проповеднигі екені де белгілі. Ол үйленген, бір ұл бала тәрбилеп, өсіріп отыр. Ал Виктория Сюмар болса бұдан бірқатар уақыт бұрын күйеуінен ажырасқан, қарауында жасөспірім қызы өсіп келеді.





 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!