768

Иерусалимдегі гей-парадтың соңы қырғынмен аяқталды

Иерусалимде өтіп жатқан гей-парадқа қатысушыларға иуда дініне берілген бір адам пышақ ала ұмтылып, алты адамды жарақаттап тастады.
Фотография - Иерусалимдегі гей-парадтың соңы қырғынмен аяқталды

Иерусалимде өтіп жатқан гей-парадқа қатысушыларға иуда дініне берілген бір адам пышақ ала ұмтылып, алты адамды жарақаттап тастады. Бұл туралы "Интерфакс" хабарлады.

"Біз жұртты шыңғырып, айқайлап жатқандарын естідік, олар жан-жаққа қашып бара жатты, мен жерге төгілген қанды көрдім", – деді куәлардың бірі. Агенттіктің хабарлауынша, шабуыл жасаушы адамды полиция ұстап алған.

РИА "Новости" ұсталған адамның жақында түрмеден шыққанын мәлімдейді. Ол 2005 жылы тап осындай гей-парадқа қатысушыларға шабуыл жасағаны үшін 10 жылға отырған екен. Сол жолы үш адамды жарақаттап үлгеріпті.

Полиция әзірге бұл деректі растап та, жоққа шығарып та отырған жоқ.

Загрузка...