Атақты Майкл Джексонның қолғабы аукционда 64,8 мың долларға бағаланды

Фотография - Атақты Майкл Джексонның қолғабы аукционда 64,8 мың долларға бағаланды

Поп-әншісі, марқұм Майкл Джексонның өнер көрсеткен кездері сахнаға киіп жүрген ақ қолғабы аукционда 64,8 мың долларға сатылды.

216 0

Атақты поп-әншісі, марқұм Майкл Джексонның өнер көрсеткен кездері сахнаға киіп жүрген ақ қолғабы аукционда 64,8 мың долларға сатылды. Бұл туралы ras.kz хабарлады. Онлайн-аукцион сипатында өткен шараны АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы Нейт Сандерс аукцион үйі жүргізген. Оның старттық бағамы 20 мың доллардан басталған. Әзірге жеңімпаздың есімі айтылмай отыр. Алайда, аукцион кезінде сатып алушылар 8 рет баға ұсынысын қойған. Айта кетейік, Майкл Джексон оң қолына ақ қолғап киіп, сахнаға бірінші рет 1983 жылы шықты. Кейін, 1999 жылы сұхбат алу кезінде журналистер одан неге қолғаптың біреу екенін сұрағанда, ол: "Неге біреу дейсіз бе? Себебі, біреу деген екеуге қарағанда, ерекше көрінеді ғой", – деп жауап берген. 1984 жылы Джексон қолғабына өзінің тапсырысы бойынша көптеген полотно салдырған. Ал кейбір қолғаптарын нағыз өнер туындысына айналған суретші Пол Бедардқа сыйға тартқан. Музыка әлемі тарихындағы ең жарқын жұлдыздардың бірі болған Майкл Джексон 2009 жылғы 25 маусымда 51 жасында өмірден өтті. Оның Thriller деген альбомы барлық уақыттар мен халықтар арасында ең көп сатылған күйтабақ ретінде Гиннестің рекордтар кітабына тіркелді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!